Мектеп директоры » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
март
2022

Мектеп директоры


Мен, Есеркенова Динара Кенжибековна 22.02.1988 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында дүниеге келдім. 1994 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылдандым. 2003 жылы Есік педагогикалық колледжінің  «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі мамандығына оқуға түсіп, оны 2007 жылы үздік куәлікпен тәмамдадым. 2007-2010 жж Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім. 2007 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп КММ де кітапханашы қызметіне орналастым. 2011 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі  қызметтерін атқардым.

          24 қазан 2014 жыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыру бойынша 72 сағат көлемінде оқу курсын аяқтап, сертификатталдым.

          21 тамыз 2015 жыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ҚР «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында бейнелеу өнері және сызу пәндері мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» бойынша 72 сағат көлемінде оқу курсын аяқтап, сертификатталдым.

          16 мамыр 2019 жыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Графика және жобалау» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтап, сертификатталдым.

         10 шілде 2019 жыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Көркем еңбек» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтап, сертификатталдым. 

            Ғылыми-әдістемелік жұмыстары:

  1.  №9(1) Наурыз 2013 жыл республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық «Орта мектеп ұстазы» атты журналға «Бояулар сыры» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты жарияланды.
  2. Қазан 2014 жыл халықаралық «Үкілім-ай» журналына «Өте алмаймын мен бекерге сырғанап, маған дүние болашағы тұр қарап» атты сайыс сабағының жоспары жарық көрді.

Мұғалімнің жетістіктері:

  1. 2011 жыл шәкірттерге сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін селолық округінің әкімінің алғыс хатымен марапатталдым.
  2. 25.05.2013 жыл жасөспірімдерге сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі үздік жетістіктері үшін кәсіподақ ұйымының мақтау қағазымен марапатталдым.
  3. 2014 жыл жеткіншек ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие берудегі үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталдым.
  4. 23.10.2014 жыл «Ата-аналармен жұмыс» атты жоба жұмысын үздік жазғаны үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының құрмет грамотасымен марапатталдым.
  5. 23.12.2014 жыл балаларға ерекше көңіл бөліп, жандүниесін нұрландырып, жүректерінен жол тапқаны үшін «Шұғыла» қоғамдық қорының алғыс хатымен марапатталдым.
  6. 2015 жыл аудандық «Жылдың үздік мұғалімі - 2015» байқауында «Шебер мұғалім» номинациясының иегері. 
  7. 2016жыл «Тәуелсіздік жалауы» атты республикалық көркемсурет байқауына Даулет Диас, Бараев Ришат, Орынбек Асхат қатыстырғаны үшін сертификатталдым.
  8. 08.02.2017жыл «Қыс 2017» халықаралық олимпиадасына Жапарова Ажар мен Абдыкайыр Жамиля оқушыларын дайындағаны үшін алғыс білдіріледі.
  9. 22.04.2017жыл «Ғылым мен қоғам» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.
  10. 10.04.2019жыл «Волшебные краски» атты аудандық суреттер байқауына Бараев Ришат, Ермек Дәулетбек, Орынбек Асхат оқушыларды дайындағаны үшін марапатталды.
  11. 23.04.2019жыл «Қызықты сызу» аудандық олимпиадасына Абақанова Ақнұр, Бараев Ришат, Мұқатай Назым 9 сынып оқушыларын дайындағаны үшін марапатталды.
  12. Қазан 2019жыл «Отаным, саған айтамын!» атты республикалық байқауға Алхат Асем, Даулет Ақерке, Дюсенғали Ақниетті қатыстырғаны үшін алғыс білдіріледі.
  13. Қазан 2019жыл «Отаным, саған айтамын!» атты республикалық қашықтықтан өткізілген интернет-байқауында баланың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятып,  көркем шығармашылығы мен қиялын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріледі.
  14. Қараша 2019жыл «Бірге – Таза Қазақстан»  атты республикалық фотосурет байқауына талантты шәкірт дайындағаны үшін алғыс білдіріледі.
  15. 16.12.2019жыл ҚР Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін Қырбалтабай ауылдық округінің әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
  16. 29.01.2020 жыл республикалық Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Өнерлі ұрпақ» тақырыбындағы көрмесінде оқушыларына жетекшілігі үшін алғыс хатпен марапатталады.


           Кәсіби шеберлік әр мұғалімнің үздіксіз еңбектенуі, тынымсыз ізденудің арқасында шыңдала түседі. Мен де өзімнің кәсіби шеберлігім мен жаңашыл ұстаз сипатын шыңдау мақсатында  аудандық, облыстық  семинарларға қатыстым. Оқушыларымды халықаралық, республика, облыс, аудан көлемінде пәндік олимпиадалар мен суреттер байқауына және көрмелерге қатыстыра алдым. Атап айтсақ:

  1. 2015 жыл  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай аудандық «Жас суретші 2015» сурет байқауында 1-орын алғаны үшін 4сынып оқушысы Орынбек Асхат марапатталды
  2. 30.10.2015 жыл аудандық «Ұлы дала төсіндегі мәңгілік ел» тақырыбындағы жас суретшілер байқауына белсенді қатысқаны үшін 6 сынып оқушысы Әшірбекова Алемаға алғыс хат білдіріледі.
  3. 2016жыл республикалық «Тәуелсіздік жалауы» атты көркем сурет байқауына қатысқаны үшін Бараев Ришат, Орынбек Асхат, Даулет Диясқа сертификат берілді.
  4. 08.02.2017жыл халықаралық қысқы олимпиадаға қатысқаны үшін 1 дәрежелі дипломмен 6 сынып оқушысы Абдыкайыр Жамиля марапатталды
  5.  08.02.2017жыл халықаралық қысқы олимпиадаға қатысқаны үшін 2 дәрежелі дипломмен 4 сынып оқушысы Жапарова Ажар марапатталды
  6.  14.04.2017 жыл аудандық «Табиғатты аялайық, болашаққа сақтайық» атты суреттер көрмесінде 3-орын алғаны үшін 6 сынып оқушысы Орынбек Асхат марапатталды.
  7. 22.04.2017 жыл халықаралық «Ұлы дала елінің ұрпағымыз!» атты оқушылар фестивалінде 1-дәрежелі дипломмен Орынбек Асхат марапатталды.
  8. 25.04.2017жыл аудандық сызу пәнінен өткен олимпиадада 3-орын алғаны үшін 9 сынып оқушысы Нұрқалық Тоғжан марапатталды.
  9. 10.04.2019жыл аудандық «Волшебные краски» байқауында 1-дәрежелі дипломмен 9сынып оқушысы Бараев Ришат марапатталды
  10. 19.04.2019жыл аудандық «Үздік суретші» байқауына қатысып 2-орын алған 8а сынып оқушысы Орынбек Асхат марапатталды.
  11. 23.04.2019жыл аудандық «Қызықты сызу» олимпиадасына қатысып 3-дәрежелі дипломмен 9сынып оқушысы Мұқатай Назым марапатталды
  12.  қазан айы 2019жыл республикалық «Отаным, саған айтамын!» атты байқауында гран-при иеленген 4б сынып оқушысы Дюсенғали Ақниет марапатталды.
  13. қазан айы 2019жыл республикалық «Отаным, саған айтамын!» атты байқауында 1- дәрежелі диплом иеленген 6а сынып оқушысы Даулет Ақерке марапатталды.
  14. қазан айы 2019жыл республикалық «Отаным, саған айтамын!» атты байқауында 2-дәрежелі диплом иеленген 6а сынып оқушысы Алхат Әсем марапатталды.
  15. қараша айы 2019жыл республикалық «Бірге –Таза Қазақстан» атты фотосурет байқауына қатысып 3-дәрежелі дипломмен Алхат Әсем марапатталды.
  16. қараша айы 2019жыл республикалық «Бірге –Таза Қазақстан» атты фотосурет байқауына қатысып 3-дәрежелі дипломмен Даулет Ақерке марапатталды.
  17.  29.01.2020жыл республикалық Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Өнерлі ұрпақ» тақырыбындағы республикалық көрмесіндегі 2-дәрежелі дипломмен 7а сынып оқушысы Дадбинова Ангелина марапатталды.


         Болашақта білімді де білгір, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, рухы биік шәкірттерді тәрбиелеймін деген ойдамын.

Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru