«Егеменді елім менің - Қазақстан» тақырыбында патриоттық әндер челленджі өтті
«Тәуелсіздік» сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш, қуат береді. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл болды. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемге жеке дара, дербес ел екенін дәлелдей білді.2021 жылдың 22- қараша- 15-желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күнін және Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу туралы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бұйрығы негізінде мектеп ішінде бұйрық шығарылып, және осы бұйрықтың негізінде жоспар жасалды. Аталмыш жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Соның ішінде 3 желтоқсан 2021 жылы «Егеменді елім менің - Қазақстан» тақырыбында Б.Станбекова, С.Есимова патриоттық әндер челленджін ұйымдастырды.Аталмыш Челлендж бойынша оқушылар патриоттық әндер айтып, келесі сыныпқа жолдады. Челлендж мақсаты- оқушыларға патриоттық тәрбие беру, әнге деген сүйіспеншіліктерін дамыту.
10 «А» сыныбы «Атамекен» әнін орындап, челленджді 8 «Ә» сыныбына жолдады. 8 «Ә» сыныбы әнді орындап, келесі патриоттық әнді 6 «Ә» сыныбына жолдады.