Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінң 30 жылдығын және Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған бейнетаспа байқауы
«Тәуелсіздік» сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш, қуат береді. Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл болды. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемге жеке дара, дербес ел екенін дәлелдей білді.2021 жылдың 22- қараша- 15-желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күнін және Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу туралы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бұйрығы негізінде мектеп ішінде бұйрық шығарылып, және осы бұйрықтың негізінде жоспар жасалды. Аталмыш жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Соның ішінде 3- желтоқсан 2021 жылы «Отанымыздың жүрегі-тәуелсіздік тірегі» бейнетаспа байқауын 9-сынып жетекшілері С.Абитова мен Г.Амиркулова ұйымдастырды.. 9 «А» сынып оқушысы Есенхан Жансая, 9 «Ә» сынып оқушысы Серікбай Анельдің жасаған видеороликтері үздік болып танылды. Байқау мақсаты- оқушылардың шығармашылығын дамыту, гаджеттерді пайдалануға машықтандыру.