«Желтоқсан ызғары-Тәуелсіздіктің алауы » » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Желтоқсан ызғары-Тәуелсіздіктің алауы »
14
декабрь
2021

«Желтоқсан ызғары-Тәуелсіздіктің алауы »

   Тақырыбы: «Желтоқсан ызғары-Тәуелсіздіктің алауы »

Мақсаты: Оқушыларға,қонақтарға Тәуелсіздіктің 30 жылдығы туралы түсінік бере отырып,Тәуелсіз еліміздің осы уақыт ішіндегі жеткен жетістіктері туралы түсінік беру. 1986 жылғы 16 желтоқсанда елі үшін қыршын болған азаматтарымызды еске алып,сол кісілердің ерліктерін ұмытпауға шақыру.

Мерекелік көңіл күй сыйлау.

Шақырылған қонақтар: 

1)Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі А.С.Темешов 

2) Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің бас маманы Е.Т.Сүйенішов

3)  Қырбалтабай ауылдық амбулаториясының бас дәрігері  Ж.С.Кенжалиева 

4) Мектеп директоры Д.К.Есеркенова.

Мектебіміздің ұстаздары және оқушылар.

Безендіру: баннер, шарлар, гүлдер, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрме. 

Мектебімізде 14 желтоқсан күні сағат 15:00 де акт залында «Желтоқсан ызғары-Тәуелсіздіктің алауы» және «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні-мен басталды. Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі А.С.Темешов, мектеп директоры Д.К.Есеркенова Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік іс-шара 5 «А» сынып оқушыларының «Тәуелсіз ел ұраны» атты хор әнімен ашылды. 1сынып  оқушылары тамаша би биледі. 8 сынып оқушылары А.Оразбек және Н. Абдраман «Атамекен» әнін керемет айтты. Оқушылыр Тәуелсіздік күніне арнап өз шығармашылықтарынан өлең тақпақтар айтты.  «Гүлдер» би тобымен 3«Ә» сынып қыздары биледі. «Адай» күйін домбырамен 8 сынып оқушысы М. Рахымжан орындады. 7 «Ә»сынып оқушылары «Желтоқсан желі» әнін хормен орындап берді. «Отан» туралы бейнежазба көрсетілді. « Тәуелсіз қазақтың қызымын» әнін 9 «А» сынып оқушысы А.Ержан орындады. «Шаттық» биімен 7 сынып қыздары биледі.1 сынып оқушысы К.Акимжан «Отаным» әнін орындады. Тәуелсіздікке арналған бейнежазба көрсетілді. «Атамекен» әнін хормен 7 «А» сынып орындады. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Гимні орындалды. 



Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru