Ағылшын тілі мұғалімі » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2022

Ағылшын тілі мұғалімі


Мен, Абдукалыкова Шолпан Давлеткановна, 1981 жылы 16 желтоқсанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында дүниеге келгенмін. Ұлтым – қазақ. 1988 жылы Қырбалтабай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылдандым, аталған мектепті 1999 жылы бітірдім. Ұстаздар отбасында тәрбиеленгенмін. 2003 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітіріп, филология факультетінің бакалавры, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығына ие болдым. Еңбек жолын Азаматтық авиация академиясында ағылшын тілі пәні, кәсіптік ағылшын тілі пәнінің оқытушысынан бастадым. 2006-2009 жылдары Есік педагогикалық колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болдым. 2014 жылдан бері Ы.Алтынарин атындағы орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі, 2017-2020 жылдары директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.  Еңбек өтілім – 19 жыл, жоғарғы санатты, педагог-сарапшымын. 2018 жылы «ағылшын тілі пәні» бойынша жаңартылған білім мазмұнында, 2019 жылы «Орта білім беру жүйесінің заманауи кезеңінде ағылшын тілін оқыту мазмұны мен әдістемесі», 2019 жылы директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия» тақырыбында біліктілік арттыру курстарын аяқтадым. 2015, 2016, 2017, 2020, 2021 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің және көсіподақ ұйымының «Білім мен тірбие беруде педагогикалық шығармашылық жетістіктерге жетіп, жас ұрпақты еліміздің саналы азаматы етіп тәрбиелеудегі жемісті еңбегі» үшін мадақтамаларымен марапатталдым. 2019 жылы «Serpin ұлттық білім және инновация палатасының» Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталдым. 2019 жылы «Platon» халықаралық білім дамыту орталығының Алғыс хатымен, мадақтамасымен және «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталдым. 2018 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен, 2019 жылы мектеп оқушыларына демеушілік көрсеткені үшін Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің басшысының Алғыс хатымен, 2019 жылы «Galympaz» халықаралық бағдарламалар және білім беру орталығының Алғыс хатымен, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының  Еңбекшіқазақ ауданындағы филиалылының «Білім беру саласына сырттай бақылау жүйесін дамытуға Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді сәтті өткізуге қосқан үлесі» үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым. 2012 жылы С.Демирель университетінің ұйымдастыруымен «Recent Developments in ELT» тақырыбында конференцияда баяндамамды ұсынғаным үшін сертификатпен марапатталдым. 2015 жылы орыс тілі пәнінен аудандық «Педагогикалық оқу» байқауында III Дәрежелі дипломмен марапатталдым, 2020 жылы желілік қауымдастық мүшелерімен аудандық «Шебер сынып алаңында» «Ізденімпаз топ» номинациясына иелендім. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай адал еңбегімен өзінің кәсіби міндетін үлгілі орындағаны және біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шолпан Даулетханқызы өзі оқыған мектебінің дамуына үлесін қосып, үнемі оқушыларға демеушілік көрсетіп тұрады. Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында мектеп дәлізінде өз қаражатына «Ауылға еңбек сіңірген азаматтар», «Ауылдан шыққан Ұлы Отан соғының ардагерлеріне» арналған тақталар орнатты. Сонымен қатар, әрбір мұғалімнің кәсіби деңгейінің өсуіне көңіл бөліп, инновациялық бағытта, педагогикалық шығармашылықта үнемі ізденіс үстінде жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беріп отырады.



Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru