Спорт сауықтандыру жұмыстарының жылдық талдауы 2022-2023 о.ж. » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Спорт сауықтандыру жұмыстарының жылдық талдауы 2022-2023 о.ж.
25
май
2023

Спорт сауықтандыру жұмыстарының жылдық талдауы 2022-2023 о.ж.

sport-sauytandyru-2022-2023.docx [16,09 Kb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: sport-sauytandyru-2022-2023.docx
sszh-zhyldy-taldau.docx [18,59 Kb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: sszh-zhyldy-taldau.docx

2022-2023 оқу жылында ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 04 наурыздағы №124 қаулысы негізінде құрылған мектеп директорының 2022ж 01 қыркүйектегі №83/4 «Қосымша ақы төлеу туралы»   бұйрығы негізінде дене шынықтыру пәнінің  5 мұғаліміне сабақтан тыс спорт сабақтары берілді.  7 түрлі спорт секциясының кестесі 5 мұғалімге  құрылды. Мектепте 7 спорт сауықтандыру жұмыстарына 260 оқушы қатысты.Жетекшілер  күнтізбелік тақырыптық жоспарлары құрып, оқушылардың тізімін жасап, өтініштерін жинап, мектеп директорымен бекітті. Оқушылардан қауіпсіздік ережесі алынып, қол қойғызылды.  

         М.Шаяхмет 8 «А», 8«Ә», сынып оқушыларымен «Футзал» тақырыбында спорттық  сауықтандыру   жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. Спорт сауықтандыру жұмыстарының  мақсаты- оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, денсаулығын  нығайту.

         М.Шаяхмет 6 «А»,8«Ә»,9 «А»  сынып оқушыларымен «Футбол» тақырыбында спорттық сауықтандыру   жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. Спорт сауықтандыру жұмыстарының  мақсаты- оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, денсаулығын  нығайту. Жалпы «Футбол» және «Футзал» спорт сауықтандыру жұмысына барлығы  57 оқушы қатысты.

Д.Қапалбаев 5 «А», 5 «Ә», 6 «А»  сынып оқушыларымен «Асық ату» тақырыбында  спорттық сауықтандыру жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. Спорт сауықтандыру жұмысының  мақсаты- ұлттық асық ойынын жандандырып, жоғары деңгейде ұлттық ойынға деген қызығушылығын қалыптастыру. «Асық ату» спорт сауықтандыру жұмысына барлығы 38  оқушы қатысты. «Асық ату» ұлттық ойынды мектеп бойынша  6 «Ә» сынып оқушысы  Әбіләкім Бекзат мықты ойнады. Мектепішілік жарыста асық атудан 1 орынды Әбіләкім Бекзат, 2 орынды 5 «Ә» сынып оқушысы Төлеген  Мади, 3 орынды  5 «Ә» сынып оқушысы Жұмаділ Қалқаман алды. 

        Н.Жылкелді 4 «Ә» сынып оқушыларымен  «Тоғызқұмалақ» тақырыбында спорттық сауықтандыру жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. Үйірме мақсаты- ұлттық тоғызқұмалақ ойынын жандандырып, жоғары деңгейде ұлттық ойынға деген қызығушылығын қалыптастыру,ойлау қабілетін дамыту.

        Н.Жылкелді 4 «А» сынып оқушыларымен  «Шахмат және дойбы» тақырыбында спорттық сауықтандыру жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. Үйірме мақсаты- шахмат және дойбы ойынын жандандырып, ойынға деген қызығушылығын қалыптастыру,ойлау қабілетін дамыту. Жалпы «Шахмат, дойбы» және «Тоғызқұмалақ» спорт сауықтандыру жұмысына барлығы  67 оқушы қатысты. «Дойбы» ойынын мектеп бойынша    9 «Ә» сынып оқушысы Рахымжан Мейірбан мықты ойнады. Мектепішілік жарыста «Дойбы» ойыны бойынша 1 орынды 9 «Ә» сынып оқушысы Рахымжан Мейірбан алса, 2 орынды 9 «Ә» сынып оқушысы Орынбек Нұрсұлтан, 3 орынды Даменов Эльхан алды.

         Р.Ботантаева 7 «Б», 7«А» 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Баскетбол» тақырыбында спорттық сауықтандыру  жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. Спорт сауықтандыру жұмыстарының  мақсаты- оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, денсаулығын   нығайту. «Баскетбол» спорт сауықтандыру жұмысына барлығы 50 оқушы қатысты.

        Е.Қамза 5 «Б», 6«Ә»  сынып оқушыларымен «Волейбол» тақырыбында спорттық сауықтандыру  жұмысының жоспарын жасап, оқушылардан өтініштерін жинап, бекітті. Спорт сауықтандыру жұмыстарының  мақсаты- оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, денсаулығын   нығайту. «Волейбол» ойынын мектеп бойынша  9 «Ә» сынып ұлдары мықты ойнады. Мектепішілік «Волейбол» жарысында 1 орынды 9 «Ә» сынып оқушылары, 2 орынды        6 «А» сынып ұлдары, 3 орынды  9 «А» сынып ұлдар командасы жеңіп алды.  Жалпы «Волейбол» спорт сауықтандыру жұмысына барлығы   48 оқушы қатысады.

Тоқсан бойы спорттық сауықтандыру жұмыстары уақытылы жүргізілді, оқушылар келіп қатысып жүрді. Жетекшілер қысқа мерзімді жоспарларын жазып отырды. Үйірмеде қауіпсіздік техниканы сақтап отырып жұмыстарын жүргізіп отырды. Тоқсан аралығында мынандай нәтижелер көрсетті:

04.10.2022 ж оқушылар  футболдан аудандық жарыста 1-орын алды

05.10.2022ж Алмалы ауылында оқушылар аймақтық Футбол жарысында ІІ орын алды

7.10.2022ж Ташкенсаз ауылында  «Мектеп лигасы» аясында 7-8 сынып ұлдар арасында аймақтық футбол жарысында І орын алды.

11. 10. 2022ж 7-8-сынып оқушысы Нұртазанов Нұртас «Үздік шабуылшы» аудандық мадақтамасын алды, 7-8 ұлдар арасында аудандық жарыста «Ұлттық мектеп лигасы» аясында футболдан бірінші орын алды. Шаяхмет М. Үздік команда дайындағаны үшін аудандық мадақтамамен марапатталды. 

28.10.2022ж 6-7 сынып оқушыларының футбол командасына Сатыш Еркебұлан Саятұлының демеушілігімен футбол формасы табысталды. 

Әр жұма сайын өтетін мектепішілік жиында орын алған оқушылар марапатталып отырылды. 

Баскетбол, волейбол ойындарынан жарыстар да жүргізілді

15.11.2022ж Ташкенсаз ауылында «Х.Абдуллин атындағы орта мектеп»КММ  5-6сынып ұлдар арасында аймақтық баскетбол  жарысында І орын алды. 

17.11.2022ж Балтабай ауылында «Мектеп лигасы» аясында 7-8 сынып қыздар арасында ІІІ орын алды.

18.11.2022ж Балтабай ауылында 7-8 сынып ұлдары арасында аймақтық баскетбол жарысында 3 орын иеленді

22.11.2022ж Ташкенсаз ауылында өткен  9-11   сынып ұлдар арасында аймақтық баскетбол жарысында 3 орын алды.

29.11.2022ж   аймақтық жарыста 5-6 сынып ұлдары арасында футбол жарысынан 1 орын алды.

Желтоқсан айы, 2022ж Таашкенсаз ауылында 7-8 сынып ұлдар футзал командасы 1 орынды иеленіп, Нұртазанов Нүртас үздік шабуылшы мадақтамасымен марапатталды. 

Желтоқсан айы, 2022ж Өрікті ауялында «Мектеп лигасы» аясында 5-6 сынып ұлдар арасында өткізілген «Баскетбол» жарысында 3 орын иеленді.

        Алматы облысы білім басқармасы ҚР Оқу – ағарту министрлігі тарапынан әзірлеген жобалар негізінде  12 сәуір 2023ж  мектепішілік №     бұйрық құрылып, соның негізінде оқушылар және ұстаздар  арасында мектепішілік шахмат ойнау жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа   8 оқушы және 2 ұстаз қатысты. Жарыс нәтижесінде: 

7 «Ә» сынып оқушысы Даменов Эльхан «Үздік шахматшы» номинациясы Грамотасымен

9 «Ә» сынып оқушысы Рахымжан Мейірбан 1 орын Дипломмен

 6 «А» сынып оқушысы Сержан Ақтаң 2 орын Дипломмен

8«А» сынып оқушысы Тасыған Нұртас 3 орын Дипломмен

9 «Ә» сынып оқушысы Нұрданәлі Елдос «Мектепішілік жарысқа еңбекқорлық пен табандылықты көрсетіп, шахмат ойынына белсене қатысқаны үшін» Грамотамен 

5 «А» сынып оқушысы Рахымжан Сандуғаш «Мектепішілік жарысқа еңбекқорлық пен табандылықты көрсетіп, шахмат ойынына белсене қатысқаны үшін» Грамотамен

8 «А» сынып оқушысы Еркінбек Нұралі«Мектепішілік жарысқа еңбекқорлық пен табандылықты көрсетіп, шахмат ойынына белсене қатысқаны үшін» Грамотамен

9 «Ә» сынып оқушысы Орынбек Нұрсұлтан «Мектепішілік жарысқа еңбекқорлық пен табандылықты көрсетіп, шахмат ойынына белсене қатысқаны үшін» Грамотамен 

АӘТД пәні мұғалімі Кульбаев Улан Тогызбаевич  1 орын Дипломмен

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кокымбаев Амангелди Муканович 2 орын Дипломмен марапатталды.    

Сонымен қатар марапатталған оқушылар мен ұстаздар мектепішілік жиында марапатталды. Бейнеролигі мектепішілік Инстаграмм сайтында жарияланды. 



Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru