Тәрбие жобаларының жылдық талдауы 2021-2022о.ж.
Посмотреть онлайн файл: zhobalar-2021-2022.docx
“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”
шығыс ғұламасы Әл-Фараби
2021-2022 оқу жылында құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар ұсынылды:
• “Оқуға құштар мектеп”
• “Отбасы- орта мектеп”
• “Құқықтық сана- қауымға пана”
• “Дәстүр мен ғұрып”
• “Еңбек – елдің мұраты”
• “Үнем-қоғам қуаты”
• “Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет”
• “Психологиялық көмек көрсету және мектептің татуластыру қызметтерін ұйымдастыру”
• “Қоғамға қызмет”
• “Мектеп өмірінің бір күні”
• “Дебат” қозғалысы
• Оқушылардың “Өзін-өзі басқару” ұйымдары
• “Өзін-өзі басқару күні”, “Өзін-өзі басқару аптасы” жобалары
• “Музей сабақтары”- “Музей күні”жобасы
• “Театр сабақтары” жобасы
Ұсынылған жобалардың ішінен құндылықтарға негізделген “Оқуға құштар мектеп”, “Отбасы- орта мектеп”,“Құқықтық сана- қауымға пана”, “Дәстүр мен ғұрып”, “Дебат” қозғалысы, оқушылардың “Өзін-өзі басқару” ұйымдары сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектепішілік клуб, «Көне суреттер тарихы» мен «Интернетссіз бір күн» тақырыбындағы бір күндік жобалар алынды.
1. “Отбасы-орта мектеп”жобасы. Жоба мақсаты: Отбасылық дәстүрлер мен отбасылық өмір мәдениеті әсер ететін оқушылар мен ата –аналардың рухани –адамгершілік тәрбиесі. Жауапты: Б.Хамзаевна, А.Боранбаева, Ә.Арип, А.Еликбаева, Н.Нурсапанова, А.Адай, Ш.Кульбаева, А.Төлегенова, Л.Базильбаева.Жылдың басында осы жобаның тжоспары жасалынып, бекітілді. Аталмыш жоспар боынша төмендегі жұмыстар жүргізілді.
1. “Мен және менің отбасым” тақырыбында ата-аналардан сауалнама алынды.
2. “Берекелі атын күз” тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
3. “Менің үйдегі міндеттерім” тақырыбында бейнеролик жасалынды
4. «Отбасылық дәстүрді жалғастыру» көрмесі
5. 4 –сынып оқушылар мен мұғалімдердің ұйымдастыруымен «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне» арналған іс-шара өтті.
6. “Саған ұнайтын кейіпкерлер” сыныптан тыс іс-шараны А.Төлегенова өткізді.
7. Ы. Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ, «Кел, балалар. оқылық!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілген өнер байқауына қатысып, І-ІІ орындарға ие болды.
8. “Отбасы- орта мектеп” жобасы бойынша жарты жылдық жұмыс есебі аудандық Еңбекшіқазақ газетіне мақала болып жарияланды.
9. “ Менің ата тегім “ тақырыбында видеоролик жасалды.
10. “Қысқы табиғат” тақырыбында тақпақтар шығарылып буклет жасалды.
2. «Дәстүр мен ғұрып» жобасы.
Мақсаты: Жобаның мақсаты көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу.
Күтілетін нәтижелер:
- ұлттық рух, тәлім-тәрбиені дәріптейтін салт-дәстүрлер жаңғырады;
- жас ұрпақтың, халықтың бойына әдет-ғұрыптар сіңеді;
- ұлттық бірегейлік қалыптасып, құндылықтардың халық өміріндегі маңызы артады;
- салт-дәстүрді білетін, әдет-ғұрыптарды сақтайтын жас ұрпақ қалыптасады;
- ұмыт болған бірегей ұлттық тағам түрлері жаңғырады;
- дәстүр арқылы халық тарихты танып, патриоттық рух артады. Жауапты: Ш.Абдукалыкова,А.Ажмолдаева, М.Мақашұлы, Ж.Утенгенова, А.Маркалыкова, А.Баембетова, Н.Кистауова.
Қыркүйек айында оқушыларға халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында түрлі сынып сағаттары өткізілді. Соның ішінде: «1001 мақал, 101 жұмбақ», «Әжемнің өсиеті», «Қазақтың салт- дәстүрі ұлттың тамыры» , «Балақай атың кім?», «Қоныс таңдау» сынып сағаттары.
«Қазақтың ұлттық киімі көздің нұрын алар» мектептегі бір күн 5-7 сынып оқушылары қазақтың ұлттық нақышындағы киіммен жүрді
«Әлди,әлди, ақ бөпем» бесік жырын дәріптеуде аналар арасында онлайн челлендж
«Ата – баба мұрасын сақтайық» Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сурет көрмесі
3. «Құқықтық сана-қауымға пана» жобасы. 8-10 сынып оқушылары.
Жобаның мақсаты: Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы мен санасаның деңгейін арттыру, құқықтық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Жоба жетекшілері жылдың басында жоспар құрастырып, осы жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Жауапты: С.Есимова, Н.Алмабекова, С.Абитова, Г.Амиркулова, Б.Станбекова, Д.Шоманова, М.Аккамиева, Т.Жолдасова.
Жоба бойынша құқықтық сананы артыру мақсатында түрлі сынып сағаттары өткізілуде. Соның ішінде: «Балалар құқығы туралы Конвенция», «Құқығым бар», «Адам құқығы», «Заңды білу, заман талабы», «Құқық туралы» т.б.
4. «Оқуға құштар мектеп» жобасы жалпы 5 жылға алынған жоба, биыл бұл жобаның жүргізіліп отырғанына екінші жыл. Мақсаты-өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәртебесін, оқу белсенділігін және оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту, көркем шығармаларды оқуды насихаттау, сонымен бірге жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Күтілетін нәтиже-білім алушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру және оқу сауаттылығы, зияткерлік деңгейлерін дамыту. Білім алушылар оқуды білім алуды, көкейкесті және перспективалы оқу шеңберін саналы жоспарлауды жалғастыру сияқты өздерінің алдағы жоспарларын жүзеге асыру құралы ретінде меңгерді. Оқушылардың оқырмандық дамуында мектептің ата-аналарымен қызметтестігін нығайту, ата-аналардың осы жобаны іске асыруға белсенді қатысуы аса маңызды. Жауапты:А.Байшигашева «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Жол картасының міндеттері мынадай:
Біріншіден,көркем әдебиеттің электронды базасын қалыптастыру және негізгі кітапхана қорын толықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.
Екіншіден,үздіксіз білім беру жүйесін дамыту:білім беру ұйымдары кітапханаларының мамандарын ынталандыру және мотивациялау.
Үшіншіден,компьютерлік парктің материалдық-техникалық базасын нығайту және жүйелі жаңарту.
Төртіншіден,білім беру ұйымдары кітапханаларының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру.
Бесіншіден,сандық технологияларды дамыту және оқу дағдыларына қызығушылықты арттыру үшін кітапханаларда IT,Coworking,STEM орталықтарын ашу.Сол арқылы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болу.
“Білім беру ұйымдарының кітапханаларын қазіргі заманғы білім орталықтарына айналдыру ,жұмысын жандандыру бағытындағы жобалар туралы”бұйрығы құрылып, осы бұйрықтың негізінде жоспар құрылды. Осы жоспар негізінде мынандай жұмыстар жүргізілді:
1)“Оқуға құштар мектеп”жобасы аясында “Отбасымен бірге оқимыз”атты сайыс өтті. Мақсаты:Ата-ана жауапкершілігі, ішкі отбасылық қарым-қатынас сияқты отбасылық тәрбиедегі іс-тәжірибелердің жағымды жақтарын тарату,салауатты өмір салтын насихаттау,қазіргі жағдайдағы отбасының белсенді әлеуметтік ұстанымының қалыптасуы,үздік отбасылық дәстүрлерді таныту,отбасылық оқу мен отбасылық бос уақытты ұйымдастыру.
2) “Оқуға құштар мектеп жобасы”аясында Кітапханаға кітап сыйла акциясы ұйымдастырылды.
Мақсаты:Ата-ана жауапкершілігі, ішкі отбасылық қарым-қатынас сияқты отбасылық тәрбиедегі іс-тәжірибелердің жағымды жақтарын тарату,салауатты өмір салтын насихаттау,қазіргі жағдайдағы отбасының белсенді әлеуметтік ұстанымының қалыптасуы,үздік отбасылық дәстүрлерді таныту,отбасылық оқу мен отбасылық бос уақытты ұйымдастыру.
3) “Оқуға құштар мектеп жобасы”аясында Кітапханаға кітап сыйла акциясы ұйымдастырылды.
Мақсаты:Кітап қорын толықтыру, оқу мәдениетін қолдау. Тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау
4) «Coworking» – ағылшын тілінен аударғанда «бірлесе жұмыс істеу» деген мағынаны береді. Яғни, бұл адамдардың әңгіме-дүкен құратын, оқып-үйренетін, жеке және топтанып келіп жұмыс істейтін, кеңесетін орнына айналуда. Басты мақсат – кітапханаға оқырманды, әсіресе жастарды көбірек тарту.
5) Кітапханада 20 минут оқу
Мақсаты: 1.Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.
2.Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.
6) «Оқуға кұштар мектеп»жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту барысында бастауыш сынып ұстаздарымен кітапханада дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мұғалімдермен бірлесе отырып «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қойылған мақсатқа жету үшін жоба бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
7) “Мәнерлеп оқу” сайысы
8) “Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл” атты көрме ұйымдастырылды
9) “Скорочтение”Мақсаты: Білім алушылардың оқу сауаттылығы деңгейін және оқуға қызығушылықтарын жоғарылату.
10) 1001 Мақал 101 жұмбақ
11) «Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру
12) “Күзгі пейзаж,қысқы пейзаж” тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
5. «Ұшқыр ой алаңы» пікірталас жобасы. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру, талантты жастарды ынталандыру; мектеп оқушылары арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру; оқушының өзін – өзі тәрбиелеуіне, өзін және өзгені бағалай білуге үйрету.
Топтың атауы «Ақиқат» 9-10 сынып сондай ақ 7-11 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында «Болашақ» және «Әділет» атты клубтар құрылып, олар да пікірталас қозғалысы жүргізіп келеді. Ақиқат тобында 12 оқушы бар және ішінде Амантай Аяулым спикер болып сайланады. Жылдың басында жоспар құрылды, стенд жасалды. «Ақиқат» клуб жетекшісі Мурунбаева Аяулым, «Болашақ» және «Әділет» клуб жетекшісі Р.Айтесова мен Айгерим Ажибекова . «Ақиқат» клуб мүшелері төмендегі тақырыптарда пікірталас өткізді:
1.«Ата-аналар жас балаларының қылмыстары үшін жауапты болуы тиіс»
2. «Өнер нақты ғылымдарға қарағанда маңызды»
3. «Әйел адамдар әскерде қызмет етуге тиіс»
4. «Бас бақытым-Тәуелсіздік ала алғаным»
5. «Жануарларға тәжірибе жасауға тыйым салынуы тиіс»
6. «Қазақ халқы дәстүріндегі ұл мен қыз тәрбиесі»
«Болашақ» және «Әділет» дебаттық клуб мүшелерімен «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» , «Қазіргі жастарға патриоттық сезімінің шынайылығына қарағанда еліктеушілік көбірек деп есептейді» тақырыптарында пікірталас өткізілді.
6. «Көне суреттер тарихы» жобасы. Бұл қысқа мерзімді немесе бір күндік жоба деп аталады. Әдетте ол бір сыныпта бір күнге ғана жалғасатын жоба. Аталмыш жоба бойынша 5-9 сыныптар сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында оқушылар өздерінің отбасыларының көне суреттерін алып келіп, сынып оқушыларына оларды таныстырып атап өтті. Мақсаты- отбасы құндылықтарын сақтау, шежіресін тануды насихаттау, отбасылық мұрағаттан алынған суреттің тарихын білу. Күтілетін нәтиже- отбасылық құндылықтарды сақтайтын, отбасы тарихын танитын тұлға тәрбиеленеді. Жауапты: Д.Есеркенова
7. «Интернетсіз бір күн» жобасы. Бұл қысқа мерзімді немесе бір күндік жоба деп аталады. Әдетте ол бір сыныпта бір күнге ғана жалғасатын жоба. Аталмыш жоба бойынша 7-9 сыныптар сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында оқушылар өздерінің бір демалыс күнін телефон, теледидар, ғаламторсыз бір күн өткізді. Өткізген күндерін видео, эссе, фотоколлаж ретінде көрсетті. Мақсаты- жастардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардан, насихат пен үгіттің теріс ықпалнан қорғауға атсалысу; кітап оқуға үндеу, жастардың бос уақытын интернетсіз тиімді өткізуге баулу. Күтілетін нәтиже- интернеттен денсаулығына зиян келтіретін ақпараттарды ажырата алатын, өз уақытын тиімді пайдалана алатын тұлға қалыптастыру Жауапты: Д.Есеркенова
8. «Адал ұрпақ» ерікті мектепішілік топ құрылып, жетекшісі С.Есимова сайланды. «Адал ұрпақ» мектепішілік ерікті клубының мақсаты: өскелең ұрпақ бойына адалдық, патриотизм сынды асыл қасиеттерді дәріптеу. Мектеп қабырғасынан жемқорлықтан бойларын таса ұстауға үйрету.
«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында суреттер байқауын өткізді.
«Әлемді әділеттілік билесе» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында дөңгелек үстел
«Мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу» тақырыбында жиналыс өтті
«Адалдық - асыл қасиет » тақырыбында 4 сыныптармен тәрбие сағатын өтті
Осы жобалар жүргізілген жұмыстары бойынша аудандық баспасөз беттеріне мақалаларын жариялады. Сондай-ақ 1-жартыжылдық қорытынды жұмыстары бойынша буклеттер жасалды.