25 қазан Республика күні
Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлыңы айқын сезінеді. Біз туған мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет. Іс-шара өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында дамыту және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді. Аталған іс-шара 20 қазан мектебіміздің мәжіліс залында 7 «А» сынып оқушылармен өткізілді. Мақсатымыз оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу ұлттық рухы мықты оқушыларды тәрбиелеу. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.