«АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты» » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты»
11
ноябрь
2021

«АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты»

Тақырыбы: «АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсат: АҚТҚ/ЖҚТБ туралы негізгі және жұқпалы ауру екендігі туралы мәліметтер беру.

2. Тәрбиелік мақсат: АҚТҚ - ның жұғу және қорғану жолдарын игеруге тәрбиелеу.

Оқушылардың қорғану жөніндегі іс әрекеттерін қадағалау.

3. Дамытушылық мақсат: Оқушыларды АҚТҚ жұқпасымен және ЖҚТБ туралы бар білімдерін әрі қарай дамыта отырып, тәрбиелеу.     

Күні:11.11.2021

Қатысушылар саны: 6

Қысқаша мазмұндама: ДДСҰ-ның анықтауы бойынша, репродуктивті денсаулық – бұл репродуктивті жүйеге, оның функцияларына және процестеріне байланысты аурулардың болмауы ғана емес, сонымен бірге физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік салауаттылық жағдайы. Репродуктивті денсаулықты қорғау бала кезден басталуы керек, осыған байланысты ата-аналар балаларының репродуктивті денсаулығын қалай сақтауды және нығайтуды білуі тиіс.

Бала үшін ата-анасының көрсеткен үлгісі өте маңызды. Егер бала салауатты өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын, зиянды әдеттерден аулақ жүретін ата-анасымен тұратын болса, баланың өзі де ата-анасына қарай отырып, оларға еліктейтін болады, демек, дені сау болып өседі.

Балаларды тамақтануға байланысты жақсы әдеттерге үйретуде де ата-аналардың рөлі зор. Баланы кішкентай кезінен бастап салауатты тағам өнімдерімен таныстыра бастаған жөн. Алайда, егер ата-аналардың өздері не жегендеріне көңіл бөлмесе, әрине, бала да отбасында көрген дағдыларды қайталайды.     


                                                                                            Тәрбиеші: А. Ажибекова
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru