1 жартыжылдық талдау » Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп (Кырбалтабай)
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2024

1 жартыжылдық талдау

1-zharty-zhyldy-esep.docx [15,42 Kb] (cкачиваний: 0)
Посмотреть онлайн файл: 1-zharty-zhyldy-esep.docx

Мақсаты: Сынып жетекшілер тарапынан жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға арналған  жұмыстарға сараптама жасау, іс- құжаттарының жүргізілуін бақылау;

           «Жолда жүру ережесі және балалардың жарақаттануының алдын алуға» арналған жұмыс жоспарында көрсетілген 1-ші сыныптан бастап 8-ші сыныпқа дейін жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыптарында сынып сағаттары айына бір  рет жүргізілді.
     Жол қозғалысы ережелерін игеруіне 1-4  сыныптарына жылына әр сыныпқа 6 сағат  саны берілді, ал 5-8 сыныптарына жылына әр сыныпқа 10 сағаттан берілді. 
 Осымен ЖҚЕ бойынша оқу бағдарламасы 1-8 сыныптарында ЖҚЕ сабақтан тыс уақытында немесе сынып сағаттар  есебімен өтеді. 
 Жол қозғалысы ережелерін оқыту сабағы жалпы мектептің сынып жетекшілерімен іске асырылады. 

  1. оқу жылының 1 жартыжылдығында:
  2. Мектеп бойынша ЖЖЕ-не тиісті бұйрық бар

2. Жолда жүру ережесінің   жоспары бар, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.

3. Жолда жүру ережесі бойынша сынып жетекшілер қауіпсіздік ережелерін оқушыларға айтып отырды. Нұсқаулықтары бар.

4.Сынып журналы (күнделік.кз) сынып жетекшілер тарапынан уақытылы толтырылды. 

5. ЖЖЕ бойынша сынып сағаттары үнемі өткізілді.


     Қыркүйек айында 7-11 сынып оқушылары арасында Еңбекшіқазақ АПБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Тойсанғалиулы А, полиция лейтенанты Калиева Ю, ЮПТ инспекторларыының көмекшісі Тюлюпов К, «Кәмелетке толмағандар арасында бопсалаудың алдын алу», «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жол қауіпсіздік ережелерінің сақталуының маңыздылығы» туралы дәріс өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

«Жас полицей көмекшілері» ұйымының мүшелері жоспар бойынша «Сен жол белгілерін білесің бе?» тақырыбында сынып сағатын өткізді. «Жолда абай бол!» суреттер байқауын өткізді. 

Қорытынды: Сынып жетекшілер тарапынан жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға арналған  жұмыстары уақытылы жоспар бойынша өткізілген,  іс- құжаттары уақытылы  жасалынған, күнделік.кз ЖҚЕ арналып өткізілген сынып сағаттары уақытысында жазылған. 



Похожие публикации:

30 январь 2024 Сынып сағаттары
26 сентябрь 2023 Жолда жүру ережесі
12 февраль 2018 Жолда жүру ережесі
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебімен" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru